14:36, 18 Сәуір 2023 | GMT +5
10 маусымнан бастап елімізден жекелеген ағаш түрлерін экспорттауға тыйым салынады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан аумағынан кейібір ағаш түрлерін әкетуге жарты жылға тыйым салынбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», - делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған Индустриялық даму комитеті төрағасының бұйрық-жобасында.
Құжат 3 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін 10 маусымнан бастап күшіне енеді.