10 мыңнан астам такси жүргізушісі пилоттық жобаға қатысып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекеттік кірістер комитеті «Яндекспен» бірлесіп Астана және Алматы қалаларында платформалық жұмыспен қамту бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Оған «Яндекс.такси» қосымшасы арқылы қызмет көрсететін такси жүргізушілері (курьерлер) қатыса алады.  

такси
Фото: Янедкс Такси/Facebook

Комитеттің баспасөз қызметі қазіргі уақытта жобаға 10 мыңнан астам такси жүргізушіні қатысып жатқанын мәлімдеді.

Такси жүргізушілері үшін пилоттық жобаға қатысудың артықшылығы:

- такси парктерінің делдалдық қызметтерін алып тастау. Бұл үнемделген ақшаны салық пен әлеуметтік төлемдерді төлеуге бағыттауға мүмкіндік береді. Осылайша такси жүргізушісі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тартылатын болады;

- жеке кәсіпкер ретінде тіркелу оңай, салық органдарына бармай-ақ, Яндекс платформасы арқылы тіркелуге болады;

- алынған табыстың 1% мөлшерінде жеке табыс салығын төлеу, ал қызметкердің табысынан салық 10% мөлшерінде ұсталады;

- салық есептілігін ұсыну және салықтар мен әлеуметтік төлемдерді есептеудің қажеті жоқ. Жүргізушінің келісімі бойынша салықтар мен әлеуметтік төлемдерді ұстап қалу мен аударуды Яндекс жүргізетін болады.

Сондай-ақ Glovo, Wolt, InDrive және басқа да осы сияқты компанияларды пилоттық жобаға қатыстыру жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар