10 мыңға жуық шешен Германиядан пана сұраған
АСТАНА. 17 шілде. ҚазАқпарат - Германиядан 10 мыңға жуық шешен бас сауғалайтын орын сұрап отыр. Бұл туралы шетелдік БАҚ жазды.
Биылғы алты айдың ішінде осы мемлекеттен шамамен 43 мың адамның пана сұрағаны белгілі болып отыр. Оның ішінде 9900-ден астамы ресейлік азаматтар болса, олардың дені - шешендер.
Шешендік босқындардың жаппай көшуінің неден туындағаны әзірге белгісіз.