10 мыңнан астам азамат әлеуметтік және еңбек мәселелері бойынша мәлімет алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ДСӘДМ жергілікті атқарушы органдармен бірлесе ұйымдастырған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында еліміздің 10 261 азаматтары әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы заңнамалардың негізгі өзгерістері туралы кеңестер алды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

ҚР ДСӘДМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттерінің, өңірлердегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері наурыз айынан бастап елді мекендердің 2 659 тұрғынымен және 987 кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлерімен кездесулер өткізді.

10 261 ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен қамтылған азаматтардың ішінде  6 850-і жұмыспен қамту және «Өрлеу» жобасының жүзеге асырылуы туралы, 811-і зейнетақымен қамсыздандыру туралы, 666-сі мүгедектерді әлеуметтік қорғау және 912-сі басқа да әлеуметтік-еңбек саласы бойынша кеңестер алды.

26-27 мамырда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде ҚР ДСӘДМ аймақтық комитеттерінің, өңірлердегі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының және ведомствоға бағынысты ұйымдардың өкілдері үшін денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек салаларындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша оқыту семинарлары өткенін болатын.

Семинар қатысушыларына халық арасында әлеуметтік көмек, әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыспен қамту және денсаулық сақтау салаларындағы заңнамалардағы негізгі өзгерістер туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізу бойынша ұсынымдар берілді.

Соңғы жаңалықтар