10 мыңнан астам қазақстандыққа репродуктивті денсаулық бойынша ақпарат берілді

АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Желтоқсанда Қазақстан жыныстық және репродуктивті денсаулық қауымдастығы «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырып жатқан «Дені сау отбасы» жобасы аяқталады.
None
None

Бұл туралы бүгін елордада өткен дөңгелек үстел барысында аталған қауымдастықтың атқару директоры Галина Гребенщикова мәлім етті.

Оның атап өтуінше, жобаны жүзеге асыру барысында 10 мыңнан астам жасөспірімдер мен ересек адамдар репродуктивті денсаулық, отбасын жоспарлау және жыныстық жолмен жұғатын инфекциялық ауру түрлері бойынша кең мағлұмат алды.

«Біз осы мәселеде халықтың қаншалықты ақпаратқа ие екендігін білу және репродуктивті денсаулық бойынша қызмет түрлеріне қол жетімділік қандай деңгейде екенін саралау мақсатында сауалнама жүргіздік. Респонденттердің бір бөлігінің отбасын жоспарлау туралы түсініктері дұрыс еместігіне көз жеткіздік», - деді ол.

Оның айтуынша, «Дені сау отбасы» жобасын жүзеге асыру үшін еліміздің денсаулық сақтау министрлігі тарапынан 8,5 млн. теңге қаржы бөлінген.

Соңғы жаңалықтар