10 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді, кей облыстарда көктайғақ болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 наурыз күні Қазақстанның көп бөлігі фронталдың ықпалында болғандықтан, кей жерлерде жауын-шашын жауады. Бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖД баспасөз қызметі.

10 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді, кей облыстарда көктайғақ болады

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшеюі күтіледі.

Түнде Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с-ке жетеді, күндіз 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 25 м/с болады, жекелеген аудандарда бұрқасын күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Алматы облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз 15-20 м/с жел соғады.

Маңғыстау облысының жекелеген аудандарында, Атырау облысында тұман күтіледі.

Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде бұрқасынмен бірге жел (15-20 м/с) соғуы күтіледі, Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасынмен бірге жел (15-20 м/с) соғады. Павлодар облысында күндіз бұрқасын, көктайғақ болады, 17-22 м/с жел соғуы күтіледі.