10 сәуір күні еліміздің басым бөлігі жауын-шашынды болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады, тек батыста күн ашық болады. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшейді, оңтүстік - батыста шаңды дауыл тұрып, оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, жекелеген аудандарда - тұман, көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан, түнде Қарағанды, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, жекелеген аудандарда тұман күтіледі.
Атырау, Павлодар облыстарының күндіз кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, түнде Алматы, Ақтобе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысында шаңды дауыл, жел 15-20 м/с күшейеді.