10 сәуір. Тұлғалар туған күн

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 10 сәуірде тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
None

ЕСІМДЕР

76 жыл бұрын (1947 жылы) қарымды қаламгер, зерттеуші-журналист Жарылқап БЕЙСЕНБАЙҰЛЫ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Молыке Шойманов ауылында туған.

1969 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірді. 1969-1990 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болып істеді.

1990-1997 жылдары «Ана тілі» газетінің тұңғыш Бас редакторы қызметіне тағайындалды. 1997 жылдың соңынан - «Қазақ ақпарат агенттігі» директорының орынбасары, 2002 жылы осы агенттік негізінен құрылған «ҚазАқпарат» Ұлттық компаниясы» АҚ қазақ редакциясының бас редакторы болды.

2014-2017 жылдар аралығында «Мәдени мұра» журналының бас редакторы қызметін атқарды.

«Шоқан ізімен» (1977), «Буырқанған бояулар» (1981), «Әдеп әлемі» (1982), «Жасын-тағдыр жарқылы» (1987), «Қазақ шежіресі» (1994), «Арғы түрктер ақиқатының ізімен»(2006) атты деректі-танымдық, эссе, зерттеу кітаптарының, сондай-ақ «Шоқан» роман-эссесінің (2009) авторы.

Бұл роман-эссе кітабы 2015 жылы орысшаға аударылып, оның таныстырылымы сол жылдың соңында Мәскеу қаласындағы Орыс Географиялық қоғамының штаб-пәтерінде өтті.

Сонымен бірге 2015 жылы астанадағы Түркі академиясының жобасы бойынша «Орталық Азиядағы арғытүрк сипатты мәдениеттер: этнотектік аспектілер» монографиясы жарық көрді.

Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері (1982).

6 3 жыл бұрын (1960) Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Махатұлы ТҰРЛАШОВ дүниеге келді.

Алматы темір жол транспорты инженерлері институтын құрылыс инженері мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Қаскелең ауданы «Жетісу» кеңшарында құрылыс цехының жұмысшысы болып бастаған.

Әр жылдарда бригадир, шебер, бас прораб, құрылыс учаскесінің бастығы, кооператив төрағасы, «Алматыагрохим» АҚ бөлім бастығы, Талғар ауданы «Красное поле», «Горный садовод», «Гүлдала» ауылдық округтерінің әкімі, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары, Жамбыл, Қарасай аудандарының әкімі қызметтерін атқарған.

2011 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды.

2016 жылдың сәуір айынан - қазіргі қызметінде.

5 5 жыл бұрын (1968) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары Бауыржан Садықұлы ӘБЖАНОВ дүниеге келді.

Көкшетау облысы (қазіргі Ақмола) Еңбекшілдер ауданы Мәдениет ауылында дүниеге келген.

1990 жылы КСРО ІІМ Новосибирск жоғары әскери командалық училищесін, 1998 жылы М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны үздік, Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының академиясын, 2013 жылы Мәскеу қаласында үздік бітірді.

Взвод командирінен бастап өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысына дейін офицерлік мансабының барлық сатыларынан өтті. Әскери институтқа тағайындалғанға дейін 2016-2018 жылдары ҚР Ұлттық ұланы Әскери Кеңесінің хатшысы-инспекторлық – талдау басқармасының бастығы болды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының бастығы (2018-2022).

Қазіргі қызметін 2022 жылдың шілде айынан бері атқарып келеді.

45 жыл бұрын (1978) «Өзенмұнайгаз» АҚ Бас директоры - Басқарма төрағасы Нұрдәулет Игілікұлы ҚИЛЫБАЙ дүниеге келді.

Маңғыстау облысында туған. Алматы теміржол инженерлері институтын (инженер, 1999); Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (экономист, 2003) бітірген.

Еңбек жолы: Атырау қаласындағы көлік бөлімінің станциясында қызмет атқарған (1999-2000); «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы»АҚ магистральдық желісінің магистрі, бас маманы, бөлім бастығы (2002-2005); Экономика және тарифтік саясат департаментінің бастығы, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитеті төрағасының орынбасары (2005-2009); «Вокзал Сервис» АҚ президенті (2009-2010); «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жолаушылар тасымалы жөніндегі басқарушы директоры (06.2010-10.2010); Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің төрағасы (2010-2011); «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ президентінің кеңесшісі (09.2011-11.2011); «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалы - «Маңғыстау жол бөлімшесі» директоры (2011-2012); ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің төрағасы (2012-2013); «ҚТЖ» ҰК «АҚ басқарушы директоры - аппарат басшысы (2013-2015); «Жолаушылар тасымалы» АҚ президентінің міндетін атқарушы, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы (2015 жылдан бастап); «Жолаушылар тасымалы» АҚ Атқарушы директоры - президенті (03.2017-11.2017); «Теміржолсу» АҚ Басқарма төрағасы - бас директоры (2017-2018). 2018-2020 жылдары – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2020-2022 жж. - Ақтау қаласыныңм әкімі. 2022-2023 жж. - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.

2023 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.

33 жыл бұрын (1990) Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Орақұлы БИСЕМБИЕВ дүниеге келді.

Атырау политехникалық колледжін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша, Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген. Ресей Федерациясы Астрахань мемлекеттік университетінің әлеуметтану магистрі.

Еңбек жолын 2008 жылы «Жасыл ел» Атырау филиалында бастаған.

2008 жылы «Тарлан-Атырау» ҚБ төрағасы

2011 жылы «Атырау Ақпарат» МКК төраға көмекшісі

2013 жылы «Атырау қаласы жастар ресурсы орталығын» басқарды.

2016 жылдың мамыр айында жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары

2017 жылы жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысы қызметін атқарған.

2017-2020 жылдары облыстық ішкі саясат басқармасының басшы болды.

2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың қыркүйегіне дейін - «Gate Insaat Taah.San.Tic.A.S.» компаниясының менеджері.

2021 жылдың қыркүйегінен тамыз айына дейін «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2022 жылдың тамызынан бастап Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымында.


Соңғы жаңалықтар