00:23, 26 Желтоқсан 2016 | GMT +5
10 шақырым биіктіктен құлап, аман қалған Весна Вулович қайтыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белградта 1972 жылы немістің Хермсдорф қаласының үстіндегі ұшақ апатын бастан кешкен бұрынғы жолсерік Весна Вулович өмірден озды.

Бұл туралы 24 желтоқсанда сербтік Večernje novosti басылымы хабарлады.
67 жасқа аяқ басқан Весна Вулович достарының соққан қоңырауларына жауап бермеген. Қауіптенген олар полициядан пәтерді тексеруді сұраған.
Тәртіп сақшылары бұрынғы жолсерікті ваннадан тапты. Ол бұдан бірнеше күн қайтыс болған екен.
Еске сала кетсек, 1985 жылы, апаттан 13 жыл кейін жолсеріктің есімі Гиннестік рекордтар кітабына енгізілген.