10 шілде күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі 10 шілде күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу ұсынады.
АСТАНА
9.00-де ЭКСПО аумағында «Қоғамдық кеңестер - ашық үкімет тәжірибесінің бір бөлігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
9.00-де «Қазмедиа» орталығында Азия-Тынық мұхиты елдерінің хабар таратушылар қауымдастығының ірі халықаралық шараларының бірі - «Азия медиа диалогы» өз жұмысын бастайды.
9.00-де Бас прокуратура ғимаратында ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаровтың төрағалығымен 2018 жылдың алғашқы жартыжылдығын қорытындылауға арналған Алқа отырысы көтеді.
11.00-де Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығы мен Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасы Елшілігі Мәдени өкілдігінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Иран өнері Фаршчиян миниатюраларында» көрмесі өтеді.
12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Көлік өндірісі саласынан оқушылар арасында республикалық байқаудың ақтық сынын өткізуге арналған баспасөз конференциясы өтеді.
15.00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.
16.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламасы рейтингінің бірінші кезең нәтижелері туралы баспасөз мәслихаты өтеді.
АЛМАТЫ
10.00-де «Далич» бизнес орталығында «НОМАД Иншуранс» компаниясы мен Ұлттық тұтынушылар лигасы сапасыз өнім мен қызметтерден тұтынушылар құқығын қорғауға арналған баспасөз мәслихатын өткізеді.
18.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында «Шекарасыз өнер» жобасының қатысушыларының көрмесі ашылады.
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ
15.00-де ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінде Әдеп жөніндегі кеңес отырысы өтеді.