10 шілде. Тұлғалар туған күн

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 10 шілдеде тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

10 шілде. Тұлғалар туған күн

ЕСІМДЕР

65 жыл бұрын (1958-2016) жазушы, ақын, драматург, мәдениеттанушы Әуезхан Әбдіраманұлы ҚОДАР дүниеге келген.

Ол Қызылорда облысында туған. 1982 жылы С.Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

1982-1985 жылдары – Қызылорда облысы Қармақшы ауаткомының жасөспірімдер жөніндегі комиссияның хатшысы, 1989-1994 жылдары – Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы көркем аударма және әдеби байланыстар жөніндегі редакторы бас алқасында орыс бөлімінің меңгерушісі, 1994 жылдан Қазақстан халықтарының мәдениетін қорғау жөніндегі «Алтын ғасыр» қоғамдық бірлестігінің президенті болды.

1997-1998 жылдары Неміс театр академиясында философия тарихынан дәріс берді. 1999 жылдан «Тамыр» журналының бас редакторы болған. 1999-2001 жылдары – Сорос-Қазақстан халықаралық қорының Басқарма мүшесі. 2002 жылдың желтоқсанынан Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы БАҚ жөніндегі кеңестің мүшесі. 2006 жылдан «Еуразиялық зерттеулер институты» Ресей-Қазақстан қоры бас директорының кеңесшісі. 2006 жылдың мамырынан Мәдени саясат және өнертану институтының директоры.

«Парасат» орденімен марапатталған. «Туған күн», «Ақеділдің анты» пьесаларының (1986), «Қанатты өрнек» (1990), «Абай (Ибраһим) Құнанбаев» жинағының (1996), «Еске алмау шеңбері» (1998), «Қазақ әдебиетінің тарихына шолу» (1999) кітабының, «Қанағат қағанаты» жинағының (1994) авторы. Қазақ тіліне Е. Замятиннің «Аттила» драмасын, М. Хайдеттер, Х. Гасеттің философиялық еңбектерін, Швиттерстің өлеңдерін, орыс тіліне Абай, Мағжан, Ж.Жақыпбаевтың шығармаларын аударған.

60 жыл бұрын (1963) Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, дипломат Андриан Көпмағамбетұлы ЕЛЕМЕСОВ дүниеге келді.

Ол Түрікменстанның Марый облысында туған. Еңбек жолын 1985 жылы жұмыскер, бригадир, шебер, прораб, «Шымкентқұрылыс» тресінің комсомолдық ұйымының хатшысы қызметінен бастады. 1991-1992 жылдары шағын кәсіпкерлік саласында қызмет етті, «АКЕ С» компаниясының президенті. 1992-1995 жылдары – «Қазақиталқаракөл» бірлескен кәсіпорнының Италиядағы өкілі.

1995-1996 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің үшінші хатшысы. 1996-2001 жылдары – ҚР-дың Италиядағы Елшілігінің консулы-үшінші, екінші хатшысы. 2001-2003 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңесшісі, мемлекеттік протокол қызметінің сапарлар бөлімінің бастығы, Орталық және Шығыс Еуропа бөлімдерінің бастығы. 2004-2010 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хаттама қызметінің басшысы. 2010-2012 жылдары – Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Елшілігінің кеңесші-елшісі.

2012-2015 жылдары – Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, ҚР-ның Мальта Республикасындағы Төтенше жіне өкілетті елшісі, ҚР-ның Сан-Марино Республикасындағы Төтенше жіне Өкілетті Елшісі қызметтерін қоса атқарған. 2015-2020 жылдары – Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және өкілетті елшісі. 2018-2020 жылдары – Қазақстан Республикасының Панама Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Коста-Рика Республикасындағы, Доминикан Республикасындағы, Ямайкадағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметтерін қоса атқарған.

Қазіргі қызметінде – 2022 жылдың наурыз айынан бастап.

2008 жылы Италия Республикасына сіңірген еңбегі үшін еңбегі күшін Кавалер орденімен марапатталған.

56 жыл бұрын (1967) Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Наурызбай Сейітқалиұлы БАЙҚАДАМОВ дүниеге келді.

Н.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің академиялық доценті.

Еңбек жолын 1991 жылы Сырдария ауданындағы №139 орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1994-2003 жылдары – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы, аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі. 2003-2008 жылдары – Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жанындағы колледж директоры, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары. 2008-2016 жылдары – Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің тәрбие жөніндегі проректоры, Қызылорда облысының Білім басқармасының басшысы, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. 2016-2019 жылдары – Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен 2019-2021 жылдары – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.

2021 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі қызметінде.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

54 жыл бұрын (1969) Қазақстанның мемлекет қайраткері, заң ғылымдарының кандидаты Анар Нұралықызы ЖАЙЫЛҒАНОВА дүниеге келді.

Ол Семей облысы Шар ауданы Белтерек ауылында туған. 1986 жылы Белтерек ауылының орта мектебін тәмамдап, осы жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетіне түсіп, 1991 жылы оны үздік аяқтады.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі аға консультанты (1994-1997), Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы (1997-1999), ҚР Әділет министрлігінде департамент бастығының орынбасары, бастығы (06.1999-12.1999) болды. 1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің аға сарапшысы лауазымына ауысты. 2000 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының кеңесшісі, 2004 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы болып қызмет атқарды. 2008 жылы 13 наурыздан Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды (2016 жылға дейін). ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты (2016-2019). ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы (2019-2022).

«Құрмет» (2009) орденімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «10 жыл Астана» (2008), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 20 жыл» (2011), «Конституциялық заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» (2014), «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 20 жыл», «Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл» медальдарымен; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының Құрмет грамотасымен (1998) марапатталған.