10 шілде. Тұлғалар туған күн

2 шілде. Тұлғалар туған күн
Фото: Kazinform/Midjourney

Бүгін, 10 шілде күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

61 жыл бұрын (1963) Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, дипломат Андриан Көпмағамбетұлы ЕЛЕМЕСОВ дүниеге келді.

Ол Түрікменстанның Марый облысында туған.

Еңбек жолын 1985 жылы жұмыскер, бригадир, шебер, прораб, «Шымкентқұрылыс» тресінің комсомолдық ұйымының хатшысы қызметінен бастады. 1991-1992 жылдары шағын кәсіпкерлік саласында қызмет етті, «АКЕ С» компаниясының президенті болды, 1992-1995 жылдары – «Қазақиталқаракөл» бірлескен кәсіпорнының Италиядағы өкілі, 1995-1996 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің үшінші хатшысы қызметін атқарған. 1996-2001 жылдары ҚР-дың Италиядағы Елшілігінің консулы-үшінші, екінші хатшысы, 2001-2003 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңесшісі, мемлекеттік протокол қызметінің сапарлар бөлімінің бастығы, Орталық және Шығыс Еуропа бөлімдерінің бастығы, 2004-2010 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хаттама қызметінің басшысы, 2010-2012 жылдары Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Елшілігінің кеңесші-елшісі лауазымын атқарған. 2012-2015 жылдары Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, ҚР-ның Мальта Республикасындағы Төтенше жіне өкілетті елшісі, ҚР-ның Сан-Марино Республикасындағы Төтенше жіне Өкілетті Елшісі қызметтерін қоса атқарған. 2015-2020 жылдары Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және өкілетті елшісі, 2018-2020 жылдары Қазақстан Республикасының Панама Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Коста-Рика Республикасындағы, Доминикан Республикасындағы, Ямайкадағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметтерін қоса атқарған.

Қазіргі қызметінде – 2022 жылдың наурыз айынан бастап.

2008 жылы Италия Республикасына сіңірген еңбегі үшін еңбегі күшін Кавалер орденімен марапатталған.

66 жыл бұрын (1958-2016) жазушы, ақын, драматург, мәдениеттанушы Әуезхан Әбдіраманұлы ҚОДАР дүниеге келген.

Ол Қызылорда облысында туған. 1982 жылы С.Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

1982-1985 жылдары Қызылорда облысы Қармақшы ауаткомының жасөспірімдер жөніндегі комиссияның хатшысы, 1989-1994 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы көркем аударма және әдеби байланыстар жөніндегі редакторы бас алқасында орыс бөлімінің меңгерушісі, 1994 жылдан Қазақстан халықтарының мәдениетін қорғау жөніндегі «Алтын ғасыр» қоғамдық бірлестігінің президенті болды. 1997-1998 жылдары Неміс театр академиясында философия тарихынан дәріс берді. 1999 жылдан «Тамыр» журналының бас редакторы болған. 1999-2001 жылдары Сорос-Қазақстан халықаралық қорының Басқарма мүшесі қызметін атқарған. 2002 жылдың желтоқсанынан ҚР Президенті жанындағы БАҚ жөніндегі кеңестің мүшесі, 2006 жылдан «Еуразиялық зерттеулер институты» Ресей-Қазақстан қоры бас директорының кеңесшісі, 2007-2008 жылдары Мәдени саясат және өнертану институтының директоры болды.

«Парасат» орденімен, медальдармен марапатталған.

«Туған күн», «Ақеділдің анты» пьесаларының (1986), «Қанатты өрнек» (1990), «Абай (Ибраһим) Құнанбаев» жинағының (1996), «Еске алмау шеңбері» (1998), «Қазақ әдебиетінің тарихына шолу» (1999) кітабының, «Қанағат қағанаты» жинағының (1994) авторы. Қазақ тіліне Е. Замятиннің «Аттила» драмасын, М. Хайдеттер, Х. Гасеттің философиялық еңбектерін, Швиттерстің өлеңдерін, орыс тіліне Абай, Мағжан, Ж.Жақыпбаевтың шығармаларын аударған.

55 жыл бұрын (1969-2024) Қазақстанның мемлекет қайраткері, заң ғылымдарының кандидаты Анар Нұралықызы ЖАЙЫЛҒАНОВА дүниеге келді.

Ол Абай облысы Шар ауданы Белтерек ауылында туған. 1986 жылы Белтерек ауылының орта мектебін тәмамдап, осы жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетіне түсіп, 1991 жылы оны үздік аяқтады.

Еңбек жолы: 1994-1997 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі аға консультанты, 1997-1999 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы, 1999 жылы ҚР Әділет министрлігінде департамент бастығының орынбасары, бастығы болды. 1999-2000 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің аға сарапшысы, 2000-2004 жылдары ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының кеңесшісі, 2004-2008 жылдары ҚР Жоғарғы Сотының судьясы болып қызмет атқарды. 2008-2016 жылдары ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі, 2016-2019 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты болды. 2019-2022 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы лауазымын атқарған.

«Құрмет» (2009) орденімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «10 жыл Астана» (2008), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 20 жыл» (2011), «Конституциялық заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» (2014), «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 20 жыл», «Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл» медальдарымен; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының Құрмет грамотасымен (1998) марапатталған.

Соңғы жаңалықтар