10-шы қабаттан құлаған 2 жасар бала аман қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Ульяновск қаласында 10-қабаттан құлаған 2 жасар сәби аман қалды. Бұл туралы РФ ІІМ-не сілтеме жасап, «Интерфакс» хабарлап отыр.
Полицияның мәліметінше, 17 ақпанда екіге толатын бала үйде анасымен бірге болған. Анасы бір сәтке ұлын қадағалаусыз қалдырып еді, ол терезе жақтауына мініп, жартылай ашық тұрған терезеге басын сұғып, әр жағына құлап кеткен. «Абырой болғанда, бала омбы қардың үстіне түскен», - деп атап өтті Ульяновск полициясы басқармасының баспасөз қызметіндегілер. Құлаған бала дереу облыстық клиникалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Айта кету керек, баланың ата-анасы тәртібі бойынша есепте тұрмаған және полицейлер оларды жағдайы жақсы отбасы санатындағылар қатарына жатқызып отыр.