20:13, 02 Желтоқсан 2015 | GMT +5
10-шы қабаттан мысық лақтырып, істі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 10-шы қабаттан мысықтарды лақтырған Карачаево-Черкесияның 61 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады ТАСС ІІМ жергілікті басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жануарларға қатысты қатыгездік танытқандығы үшін ең көбі 6 айға қамауға алу жазасы қарастырылған.
"Күдікті 10-шы қабаттың терезесінен өзінің азаматтың некедегі әйелінің бес мысығын лақтырып жіберген. Мұны учаскелік полицей Усть-Джегутаның Московский шағын ауданының көшелерінде қауіпсіздікті арттыру бойынша шараларды жүргізу кезінде анықтаған", - деді ведомствода.
Ер адам қылмысын мойындады және ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.