10 тамызда республиканың оңтүстік-шығысында шаң көтеріліп, дауыл тұрады деп күтілуде
АСТАНА. 9 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, оңтүстік-шығыста шаң көтеріліп, дауыл тұрады.
Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді деп күтілуде, Қостанай, Маңғыстау облыстарында - кей жерлерде тұман түседі. Алматы облысында кей жерлерде жел 17-22 м/с-қа күшейеді, шаң көтеріліп, дауыл тұрады деп күтілуде.
Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.