10 желтоқсан - Қырғызстанда Конституциялық референдум алдындағы «Тыныштық күні»

«Қырғыз Республикасының жергілікті кенеш депутаттарын сайлау туралы заңына сәйкес 2016 жылғы 10 желтоқсан «Тыныштық күні» деп жарияланды. Бұл күні саяси партиялар, өзін-өзі ұсынушылар, «жақтап» және «қарсы» үгіттеу топ өкілдері үгіт-насихат науқанын жүргізуге құқығы жоқ. Сондай-ақ үгіт-насихат жүргізетін ОСК аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралы оны жүргізуге құқығы жоқ.
«Тыныштық күнін» бұзған жағдайда ОСК сайлау үдерісіне қатысушылар тарапынан заң бұзушыға қатысты шара қолдануға құқылы», - деп хабарлады ОСК баспасөз қызметі. ОСК-да республиканың барлық сайлау учаскелері сайлаудың басталуына әзір және тиісті техника мен жабдықпен жарақталғанын атап өтті.
Тізімде 2,85 миллионнан астам сайлаушы бар, референдум сайлауға тізімге енгізілгендердің 30 пайыздан астамы, яғни 855 мың адам қатысқан жағдайда өтті деп саналады.
Еске салсақ, жексенбі күні өтетін референдумға парламентке кіретін бірқатар партиялар бастамашылық етіп, ел президенті А. Атамбаев оны қолдаған.
Өзгерістер авторлары негізгі мақсат - билік тармақтары арасындағы теңгерімге қол жеткізу екенін атап өтеді. Бір уақытта республиканың 405 елді мекенінде және астанасында сайлау өтеді.