10 желтоқсан. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 10 желтоқсан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

календарь күнтізбе
Фото: Kazinform/ Midjourney

79 жыл бұрын (1945) Қазақстан Республикасының мемлекет және әскери қайраткері, Халық қаһарманы, армия генералы, ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі Мұхтар Қапашұлы АЛТЫНБАЕВ дүниеге келді.

 Мұхтар Қапашұлы АЛТЫНБАЕВ
Фото: wikipedia.org

Қарағанды қаласында туған.1977 жылы Армавир әуе қорғанысы жоғары әскери ұшқыштар училищесін, 1985 жылы Г. Жуков атындағы Әуе қорғанысы әскери академиясын бітірген.

Еңбек жолы: 1965-1966 жылдары Кинель-Черкасск оқу-жаттығу авиация орталығының курсант ұшқышы, 1962-1969 жылдары Киров атындағы (Қарағанды) шахтаның үңгушісі, 1969-1982 жылдары Әуе қорғанысы авиациялық истребительдік полкының ұшқышы, аға ұшқышы, авиациялық атқыш полкы авиациялық звеносының командирі, авиациялық эскадрильясы командирінің орынбасары, командирі, дивизия командирінің орынбасары, командирі, 1982-1985 жылдары Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери академиясының тыңдаушысы, 1985-1988 жылдары Әуе шабуылына қарсы қорғаныс дивизиясы командирінің орынбасары, 1988-1992 жылдары Әуе шабуылына қарсы қорғаныс дивизиясының командирі, 1992-1993 жылдары Әуе шабуылына қарсы қорғаныс корпусының командирі - ҚР қорғаныс министрінің орынбасары, 1993-1996 жылдары ҚР Әскери әуе күштерінің қолбасшысы, 1996-1999 жылдары ҚР қорғаныс министрі, 1999-2001 жылдары ҚР Қарулы күштерінің Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшысы, 2001-2007 жылдары ҚР қорғаныс министрі, 2009 жылы ҚР қорғаныс министрінің міндетін атқарушы, 2007-2010 жылдары Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Штаб басшылары комитетінің төрағасы, 2010-2017 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты болды.

2019 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі қызметінде.

ІІІ дәрежелі «КСРО Қарулы Күштерінде Отанға қызмет еткені үшін», ІІ дәрежелі «Барыс», «Халықтар достығы» (РФ), ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясы Достастығы ордендерімен; «Халық Қаһарманы» алтын жұлдызымен, «Отан» орденімен, ҚР және шет мемлекеттердің көптеген медальдарымен наградталған.

64 жыл бұрын (1960) «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ президенті Асхат Наурызбайұлы РЫСПАЕВ дүниеге келді.

Асхат Наурызбайұлы РЫСПАЕВ
Фото: cvsi.kz

Омбы қаласында (РСФСР) туған. 1982 жылы Алматы жоғары құрама қару-жарақ командалық училищесін, 2000 жылы ҚР Қарулы Күштерінің Әскери академиясын үздік және алтын медальмен, 2017 жылы Ұлттық қорғаныс университеті Қарулы Күштері Бас штабы академиясының факультетінде стратегиялық деңгейдегі магистратураны бітірген.

1978-2021 жылдары КСРО және ҚР Қарулы Күштерінде қызмет еткен, 1982-1991 жылдары Қиыр Шығыс және Орта Азия әскери округтерінде және жергілікті әскери басқару органдарында әртүрлі командалық-штабтық лауазымдарда қызмет етті. 1991-1992 жылдары ҚР Мемлекеттік қорғаныс комитетінде кадрлық қамтамасыз ету лауазымдарында қызмет етті. 1992-2000 жылдары ҚР Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаменті мен Білім Бас басқармасында қызмет етті. 2000-2001 жылдары ҚР Қарулы Күштерін дамытудың перспективалық бағдарламалары орталығы бастығының орынбасары, 2001-2002 жылдары ҚР Қарулы Күштері Әскери білім беру бас басқармасы бастығының орынбасары, 2002-2008 жылдары ҚР Қорғаныс министрлігі Кадр жұмысы басқармасының бастығы, 2008-2011 жылдары ҚР Қорғаныс министрлігі Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары басқармасының бастығы, 2011-2012 жылдары ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы, 2012-2018 жылдары Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы, 2018-2019 жылдары Құрлық әскерлері Әскери институтының бастығы, 2019-2021 жылдары ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы, 2021-2022 жылдары Ұлттық қорғаныс университетінің Әскерді басқару және құрама қару-жарақ штабы қызметі кафедрасының профессоры болды.

2022 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде.

II дәрежелі «Даңқ» орденімен, мерейтойлық медальдармен марапатталған.

52 жыл бұрын (1972) «Қазақстан Республикасы Президент орталығының директоры Бақытжан Берікбайұлы ТЕМІРБОЛАТ дүниеге келді.

 Бақытжан Берікбайұлы ТЕМІРБОЛАТ
Фото: inbusiness.kz

1998 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды «Саясаттану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1998-2007 жылдары ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында және Президент Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған, 2007-2018 жылдары ҚР Президенті Кеңсесі басшысының орынбасары, 2019-2021 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы лауазымын атқарған.

2021 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, мерейтойлық медальдармен марапатталған.

43 жыл бұрын (1981) Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Анатольевна ГЛАДЫШЕВА дүниеге келген.

 ГЛАДЫШЕВА Светлана Анатольевна
Фото: Павлодар қ. әкімдігі

Павлодар қаласында туған. Педагог-психолог мамандығы бойынша Павлодар университетін (қазіргі - ИнЕУ) тәмамдаған. Психология және политология магистрі дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2002 жылы Павлодар қаласының №43 жалпы білім беру мектебінде әлеуметтік педагог болып бастады. 2009-2011 жылдары әлеуметтік-еріктілер орталығының төрағасының міндетін атқарушы болып жұмыс істеді. 2011-2013 жылдары Павлодар қаласының білім беру бөлімі және Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы мемлекеттік мекемелерінің бас маманы, кейін Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармада бөлім басшысы болып қызмет атқарды. 2014-2017 жылдары Ақсу қаласы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет етті. 2016-2017 жылдары Екібастұз қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет атқарды. 2018-2019 жылдары Железин ауданы әкімінің орынбасары болып еңбек етті. 2019 жылы Павлодар қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.

2019 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі қызметінде.

Соңғы жаңалықтар