10 желтоқсан. Тұлғалар туған күн
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 10 желтоқсан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР

Қарағанды қаласында туған. Армавир әуе қорғанысы жоғары әскери ұшқыштар училищесін (1977), Г.Жуков атындағы Әуе қорғанысы әскери академиясын (1985) бітірген.
Еңбек жолы: Кинель-Черкасск оқу-жаттығу авиация орталығының курсант ұшқышы (1965-1966); Киров атындағы (Қарағанды) шахтаның үңгушісі (1962-1969); Әуе қорғанысы авиациялық истребительдік полкының ұшқышы, аға ұшқышы, авиациялық истребителдік полкы авиациялық звеносының командирі, авиациялық эскадрильясы командирінің орынбасары, командирі, дивизия командирінің орынбасары, командирі (1969-1985); Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери академиясының тыңдаушысы (1982-1985); Әуе шабуылына қарсы қорғаныс дивизиясы командирінің орынбасары (1985-1988); Әуе шабуылына қарсы қорғаныс дивизиясының командирі (1988-1992); Әуе шабуылына қарсы қорғаныс корпусының командирі – Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары (1992-1993); Қазақстан Республикасы Әскери әуе күштерінің қолбасшысы (1993-1996); Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі (1996-1999); Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшысы (1999-2001); Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі (2001-2007); Қазақстан Республикасының қорғаныс министрінің міндетін атқарушы (17.06.2009-25.06.2009); Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Штаб басшылары комитетінің төрағасы (2007-2010); Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (2010-2017).
2019 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі қызметінде.
ІІІ дәрежелі «КСРО Қарулы Күштерінде Отанға қызмет еткені үшін» (1978), ІІ дәрежелі «Барыс» (2003), «Халықтар достығы» (РФ), ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясы Достастығы (2015) ордендерімен; «Халық Қаһарманы» алтын жұлдызымен, «Отан» орденімен, ҚР және шет мемлекеттердің көптеген медальдарымен наградталған.

1998 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды «Саясаттану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1998 жылдан 2007 жылға дейін – ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында және Президент Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған; 2007 жылдан 2018 жылға дейін – ҚР Президенті Кеңсесі басшысының орынбасары. 2019 жылдан 2021 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысы.
Қазіргі қызметінде – 2021 жылдың қаңтар айынан бастап.
«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Павлодар қаласында туған. Педагог-психолог мамандығы бойынша Павлодар университетін (қазіргі - ИнЕУ) тәмамдаған. Психология және политология магистрі дәрежесі бар.
Еңбек жолын 2002 жылы Павлодар қаласының № 43 жалпы білім беру мектебінде әлеуметтік педагог болып бастады. 2009 жылдан 2011 жылға дейін әлеуметтік-еріктілер орталығының төрағасының міндетін атқарушы болып жұмыс істеді. 2011 жылдан 2013 жылдар аралығында Павлодар қаласының білім беру бөлімі және Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы мемлекеттік мекемелерінің бас маманы, кейін Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармада бөлім басшысы болып қызмет атқарды. 2014 жылдан бастап 2017 жылға дейін Ақсу қаласы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет етті. 2016 жылдан 2017 жылға дейін Екібастұз қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет атқарды. 2018 жылдан 2019 жылдың 13 тамызына дейін Железин ауданы әкімінің орынбасары болып еңбек етті. 2019 жылдың 13 тамызынан қыркүйегіне дейін Павлодар қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.
Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың қыркүйегінен.