10 желтоқсанда елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі ертең (10 желтоқсан) Қазақстанда өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

АСТАНА
10:00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді.
10:00-де ҚР Президенті Іс басқармасының Президенттік орталығында мектеп оқушыларының «Астана: өткені, бүгіні, болашағы» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ашылуы өтеді.
10:00-де Rixos President Astana қонақ үйінде «Құстар мен энергетика: мәселелері мен шешу жолдары» зерттеулерінің нәтижелері талқыланады. Бұл шара Қазақстандағы жойылып бара жатқан жыртқыш құстарды сақтауға бағытталған екі жылдық жоба аясында өтеді.
11:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Экология саласындағы заманауи цифрлық технологияларды қолдану» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.
12:00-де Әлихан Бөкейхан көшесі, 25 В мекенжайында Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының Қазақстан Президентіне, Парламентіне және Үкіметіне үндеуі туралы баспасөз мәслихаты өтеді.