10 жылда елдегі күнбағыс алқаптары 308 мың гектарға ұлғайған

күнбағыс
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Ауыл шаруашылығы министрлігінің Kazinform сауалына жолдаған жауабында елде майлы дақыл алқаптарын ұлғайту жалғаса беретіні айтылған.

«Өсімдік шаруашылығы саласын әртараптандыру бойынша жүргізіліп жатқан саясатқа сәйкес майлы дақылдардың егіс алаңдарын және өндірісін ұлғайту жөнінде шаралар қабылданып жатыр. Мәселен соңғы он жылда (2014 жылмен салыстырғанда) майлы дақылдарды егу алаңы 499,1 мың гектарға ұлғайып 2023 жылы 2799,5 мың гектарды құрады. Оның ішінде күнбағыс алаңы 308,2 мың гектарға өсіп 1157,4 гектарға жетті», - деп жазылған жауапта.

Министрлік мәліметі бойынша, елдегі бүкіл егістік алқаптың 12,5 пайызына ғана майлы дақылдар егіледі.

«Облыс әкімдіктерінің деректері бойынша ағымдағы жылы жалпы егіс алаңы 23,8 млн гектарды құрады. Оның ішінде майлы дақылдардың егіс алаңдары 2976,3 мың гектарды алып жатыр», - делінген ресми жауапта.

Кесте
Кесте

 

Соңғы жаңалықтар