10 жолаушысы бар автобус жүк көлігімен соқтығысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Псков облысында 10 адам мінген жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысты, салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды ТАСС РФ ТЖМ аймақтық басқармасына сілтеме жасап.
«Бүгін Псков облысында ПАЗ маркалы жолаушылар автобусы ЗИЛ жүк көлігімен соқтығысты, апат салдарынан ана мен бала зардап шекті, олар ауруханаға жатқызылды»,-деп хабарлайды ведомство.
Жол апаты жергілікті уақытпен 10-00 шамасында болған.
Қазір полицейлер оқиғаның себеп-салдарын анықтау үстінде.