10 жыл ішінде Қазақстанда 1300 адам құлдықтан құтқарылған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 жыл ішінде Қазақстанда адам саудасының құрбанына айналған 1300 адам құтқарылған екен. Бұл туралы бүгін Астанада еңбек миграциясы жəне адам саудасына қарсы мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өзара əрекеті тақырыбында өтіп жатқан жиын барысында Миграция жөніндегі халықаралық ұйымның бағдарламалар жөніндегі ассистенті Жұмажан Жолдасбеков мəлім етті.

"2004-2015 жылдар аралығында Қазақстан Республикасында 1328 адам құлдықтан құтқарылды. Бұл адамдарға əлеуметтік, медициналық көмек көрсетілді", - деп хабарлады Ж.Жолдасбеков.

Сарапшылардың айтуынша, қарияларды күтетін, бала бағатын, үй тазалап, жекеменшік нысандарды салатын, сондай-ақ ас үйдің жұмысына тартылатын мигранттарды табу да, жазалау да қиын. Себебі, олар жеке адамның үйінде тұрады жəне ең қауіптісі - құлдыққа түсу қаупі де көп. Мысалы, Астана қаласы бойынша Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген үш адам құлдықтан құтқарылған екен.

Соңғы жаңалықтар
telegram