10 жыл ішінде жастар арасындағы жұмыссыздық 5 есе төмендеді - Серік Әбденов

АСТАНА 7 ақпан. ҚазАқпарат - Соңғы 10 жылда жастар арасындағы жұмыссыздық 5 есе төмендеді. Бұл туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде аталған ведомствоның басшысы Серік Әбденов мәлім етті.

10 жыл ішінде жастар арасындағы жұмыссыздық 5 есе төмендеді - Серік Әбденов

Оның сөзіне қарағанда, соңғы 10 жылда жұмыспен қамтылғандардың саны өсіп қана қоймай (6,7 млн. адамнан 8,5 миллионға дейін), сонымен қатар оның сапалық құрылымы да өзгерді.

«Егер де 2002 жылы жалдамалы жұмысшылар құрылымында жастардың үлесі 20 пайызды құраса, қазіргі кезде 30 пайыздан асып отыр»,-деді министр.

Атап айтқанда, жастар арасындағы жұмыссыздық 5 есеге төмендеген, яғни 2002 жылғы 17,3 пайыздан 2012 жылы 3,8 пайызға дейін азайды.