10 жылда Астана қаласының халқы 59 пайызға өсті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Кейінгі 10 жыл ішінде халықтың өсімі Астанада 59 пайызға, Алматыда 37 пайызға, Шымкентте 67 пайызға жетті. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «Агломерацияларды дамыту туралы» заң жобасын талқылау кезінде ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі уақытта елдің агломерацияларында орталық қала мен оған іргелес аудандар арасында экономикалық дамуда, қаржылық және адами әлеуеттерге қатысты белгілі бір теңсіздіктер бар. Теңсіздіктердің пайда болуына ықпал ететін негізгі фактор – ірі қалалар мен оларға іргелес аумақтарда халық санының бақылаусыз өсуі. Кейінгі 10 жыл ішінде Астана қаласының халқы 59 пайызға, Алматы қаласының халқы 37 пайызға, Шымкент қаласының халқы 67 пайызға өсті», - деді Ә. Қуантыров.

Осы орайда ол аталған қалалардың аумақтары да едәуір өскенін еске салды.

«Астана елорда болғалы жер аумағы жағынан 3 есе өсті, Алматы қаласының аумағы кейінгі он жылда 2,5 есе өсті, ал Шымкенттің аумағы 3,5 есе өсті», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар