10 жылда біздің студенттер 11 қысқы және жазғы универсидаға қатысты - Бауыржан Рамазанов

АЛМАТЫ. 10 мамыр. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бейжіңдегі жазғы Олимпиада ойындарында ұлттық құрама қоржынындағы 13 медалдің 11-ін студенттер салды.
None
None

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық спорт орталығы Бас директорының орынбасары Бауыржан Рамазанов бүгін Алматыда волейболдан ерлер командалары арасындағы VI жазғы универсиада ойындарының ашылу рәсімінде айтты.

«Бұл шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып отыр. Алғашқы универсиаданы біз 2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арнап едік. Осы уақытта 5 жазғы, 3 қысқы студенттік универсиада ұйымдастырылды. Біздің студенттер 11 қысқы, жазғы универсиада ойындарына қатысты», - дейді ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бауыржан Рамазанов. Оның айтуынша, студенттер Азия және Олимпиада ойындарында да жоғары ойын өрнегін көрсетуде. Қазақстандық студенттер әлемдік волейбол тарихына әйгілі «Доржник» клубы арқылы енді. Олардың даңқты жолын жалғастыру енді қазіргі жастардың қолында.

Соңғы жаңалықтар