10 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскер Ресейде ұсталды

АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Өткен аптада, яғни қаңтардың 10-ы мен 17-сі аралығында республикада 1 мың 957 қылмыс жасалып,
None
None
оның үштен бірінің ізі суымай ашылды. Жасалған қылмыстардың 24-і кісі өлтіру, 10-ы қарақшылық шабуыл. Сонымен қатар 100-ден астам тонау әрекеттері мен 600 ұрлық жасалған. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Бағдат Қожахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, тәртіп сақшылары жедел іздестіру шараларының нәтижесінде бұрын жасалған 340 қылмыстың бетін ашып, іздеуде жүрген 87 қылмыскерді қолға түсірген. «Сондай-ақ аталған мерзімде есірткімен байланысты 215 қылмыс анықталды, оның 71-і есірткіні тасымалдауға қатысты болып отыр. Полиция қызметкерлері Өскемен қаласындағы «Новый металлург» қонақүйінде белгісіз бір күдікті азаматты ұстап, тексеру барысында одан 232 грамм героин тапты» деді Б.Қожахметов. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері Ресейдің Калининград облысының Черняховск қаласында 1969 жылы туылған М.Хасеновты қолға түсірген. Аталған азамат 1999 жылы Қостанай облысының Глазуновка ауылында Баубеков деген азаматты өлтіріп, 10 жылдан бері іздеуде жүрген.
Соңғы жаңалықтар