10 жылдан кейін 24 млн қытайлық үйленер қалыңдық таппайды

АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат  -  Қытайда статистика мәліметтері бойынша дүние есігін ашқан әр 100 қыз балаға  120-130 жаңа туған ұл баладан келеді екен.

10 жылдан кейін 24 млн қытайлық үйленер қалыңдық таппайды

Мұндай тенденция сақталатын болса,  2020  жылға қарай  24  миллион қытай ер баласы қалыңдық тауып, отбасын құра алмай қалуы әбден мүмкін. Бұл туралы  BNews.kz жазады.

Бала тууын шектеу саясатына байланысты Қытайда жаңа туған қыз балалар тапшылығы сезіле бастады. Отбасына тек бір бала ғана рұқсат етілген жағдайда қытайлық жас отау иелері ұл баланы қалайтын болды. Ал қыздарға түсік жасатып, тіпті туа қалған жағдайда ана-аналары оны сәбилер үйіне тапсырып немесе көшеге тастап кетеді. Мұндай жағдай Қытайда жылдан-жылға  өсіп келеді, деп хабарлайды  News.am.