10 жылдан кейін әлемде кішкентай балалардан гөрі қарттар көп болады - баяндама
АСТАНА. Шілденің 22-сі. ҚазАқпарат - Жер халқының орташа саны тым тез қарқынмен өсіп келеді. Өткен жылдың ортасында 65 жастағы қариялардың жалпы саны 506 миллион адамды құраса,
2040 жылға қарай бұл көрсеткіш 1,3 миллиардқа жетеді. Пайыздық көрсеткішпен алғанда, қарттардың үлесі 7 пайыздан 14 пайызға жетеді. Қартаю проблемаларымен айналысатын ұлттық институттың тапсырысы бойынша АҚШ-тың Халық санағы бюросы дайындаған «Қартайып бара жатқан әлем: 2008» баяндамасында осындай болжамдар келтіріліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Зерттеу авторларының айтуынша, 10 жылдан кейін адамзат тарихында алғаш рет жасы 65-тен асқан адамдардың саны 5 жасқа дейінгі балалардың санынан асып түседі екен.