10 жылдан кейін Қазақстанның әрбір азаматы қазақ тілінде еркін сөйлеуі тиіс - К. Мәсімов
әуірдің 13-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 10 жылдан кейін Қазақстанның әрбір азаматы қазақ тілінде еркін сөйлеуі тиіс. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Тіл мәселелері бойынша мемлекеттік тілді дамыту туралы нақты бағдарлама даярлау керек. Атап айтқанда, онда биылғы жылы, алдағы жылы, сондай-ақ 10 жылдан кейін не істейтіндігіміз туралы барлығы қарастырылуы қажет», деп атап өтті Үкімет басшысы.
«10 жылдан кейін еліміздің әрбір азаматы қазақ тілінде еркін сөйлеуі тиіс. Бұл - біздің мақсатымыз», деп түйіндеді өз сөзін К. Мәсімов.