100 бала қайырымдылық шараға қатысты (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Орталық музейі Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ауыр дертке шалдыққан балаларға қайырымдылық шара ұйымдастырды.

100 бала қайырымдылық шараға қатысты (ФОТО)

Мəдени ұйым соңғы 15 жылда балалар мейрамын назардан тыс қалдырған емес.

Музейде өтіп жатқан "Менің отбасым" мерексі туралы ҚР Орталық музейінің мəдени-ағарту орталығының қызметкері Татьяна Козуб айтты.

"Бұл шараға қатерлі дертке шалдыққан, жүрек қан-тамырлары ауруларымен ауыратын, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды шақырдық. Қоғам мұндай мейірімге мұқтаж жандарды назардан тыс қалдырмауы керек. Халықаралық балаларды қорғау күні үлкендердің бүлдіршіндерге барынша назар аударып, олардың пікіріне бір мезет көңіл бөлетін күні",- деді ол.

Бүгінгі мерекеге «Алтын-Көл» қайырымдылық қорының 100 бүлдіршіні шақырылды.

"Түрлі əлеуметтік ұйымдардың тəрбиеленушілері осы жылы жүздесуді жылдар өткен соң да жылылықпен еске алып, өмірде бейімделуіне септігін тигізсе ол да үлкен жетістік. Музей қызметкерлерініңде көздегені сол",- деді Т.Козуб.