100 дельфин жағалауға шығып қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үнділік Тамил Наду штатының билігі сейсенбі күні штаттың жағалауына шығып қалған 20 дельфиннің өлгені жайлы хабарлады.
Белгілі болғандай, теңізден барлығы 100 дельфин шығып қалған, алайда оның 80-ін құтқаруға болады.
Дельфиндер тобына жатқанымен бұл тіршілік иелері ірі киттерге ұқсайды.
Суда тіршілік ететін бұл жануарлардың неліктен жағаға шығып қалғаны әзірге белгісіз, алайда қатты ағыстың кесірінен жағалауға шығып кеткен біреуіне қалғандары көмектесуге әрекеттенген болуы ықтимал.