100-ден астам пілді өлтірген егіз браконьер 13 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
АСТАНА. 25 қыркүйек. ҚазАқпарат - Камерунда жүздеген пілдің көзін жойған егіз браконьерді 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.
Камерун соты Орталық Африка елдерінде 100-ден астам пілді өлтірген егіз ағайындыларға үкім шығармақ. Екеуі де бұрын бірнеше рет тұтқынға алынған, бірақ іс сотқа алғаш рет жетіп отыр.
Дүйсенбі күні Йокадума қаласының соты оларды пілдерді өлтіргені және бақ күзетшісін жарақаттағаны үшін айыпты деп тапты.
Тергеу мәліметтері бойынша, қылмыскерлер 2006 жылдан бері жүзден астам пілді жойып жіберген.