100-ге жуық адам террористер шабуылының құрбаны болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжан-Ұйғыр автономиялық өлкесінде лаңкестік шабуыл салдарынан ажал құшқан адамдар саны 96-ға жетті, деп хабарлайды Ifeng қытайлық интернет-басылымы.
Айта кетейік, полицияның хабарлауынша, дүйсенбі күні пышақпен қаруланған топ Шачэ уезіндегі Элишку қаласында полиция учаскесі мен үкіметтік мекемелерге шабуыл жасаған еді. Олардың енді бір тобы көршілес Хуанди қаласында көшедегі адамдарды атқылап, жолдарында кезіккен автокөліктерді отқа ораған. Сенбі күні өткен жергілікті партия комитетінің жиналысында 37 бейбіт тұрғындар мен 59 шабуылдаушы құрбан болғаны, тағы 13 бейбіт тұрғынның жараланғаны айтылды. 31 көлік зақымдалып, 6 автокөлік өртенген. Полиция террористік әрекеттерге қатысы бар деген күдікпен 215 адамды тұтқынға алды.