12:24, 12 Қаңтар 2009 | GMT +5
«100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында биыл елімізде 80 мектеп ашылады ? Н. Назарбаев
АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында Қазақстанда биыл 80 мектеп пайдалануға беріледі.
Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Тұңғыш Президентінің алғашқы интеллектуалдық мектебінің салтанатты ашылу рәсімінде Елбасы Н. Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Салтанатты рәсімге Қазақстанды өркендетудің 2030 жылға дейінгі бағдарламасында білім беру саласына айырықша көңіл бөлінгендігіне тоқталған Н. Назарбаев: «Мемлекет осы бағдарламаны орындап келеді. Соңғы 10 жылдың ішінде білім саласына мемлекет қазынасынан бөлінген қаржы 7 есеге өсті. «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында биыл елімізде 80 мектеп ашылатын болады. Былтыр біршама мектептер пайдалануға берілді», деді.