«100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасына сәйкес 2010 жылы 45 нысан пайдалануға беріледі

2009 жылы 87 мектептің құрылысы аяқталған болатын, оның 39-ы аталған бағдарлама бойынша салынса, 48-і бағдарламадан тыс іске қосылып отыр. Жалпы «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша 2007-2009 жылдар кезеңінде 85 білім ордасы пайдалануға берілді.
Ал осы бағдарлама бойынша өткен жылы құрылысы аяқталған аурухана нысандарының саны 10-ға жетіп отыр. Сонымен қатар 2007-2009 жылдар кезеңінде бағдарламадан тыс 201 нысан салынған, оның ішінде республикалық бюджет есебінен 32 аурухана, жергілікті бюджеттің қаржыландыруымен 6 аурухана бой көтеріп, инвесторлардың есебінен 1 қан орталығы пайдалануға берілген. Сондай-ақ 97 фельдшерлік-акушерлік бекет пен 51 дәрігерлік емхана толық салынып бітіп, 8 дәрігерлік емхананың 6-уы жергілікті бюджеттен, ал 2-уі инвесторлардың есебінен ірге көтерген.