«100 мектеп, 100 аурухана» мәселесі Үкіметтің селекторлық кеңесінде қаралады

АСТАНА. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «100 мектеп, 100 аурухана» мәселесін желтоқсанның 28-і күні өтетін  Үкіметтің селекторлық кеңесінің қарауына енгізуді тапсырды,  
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінгі отырыс барысында есеп берген ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев баян еткендей, осы уақытқа дейін «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында 85 нысанның құрылысы аяқталды. Республиканың 14 облысының 13-і осы бастама аясындағы барлық жұмыстарды ойдағыдай атқарып келеді. Оңтүстік Қазақстан облысы ғана бұл жұмыста баяу жұмыс жасауда.

Ал ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтың айтуына  қарағанда, «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы жоспарланған 11 нысанның 1-еуі ғана бітпей қалған. Ол - Астанадағы емхананың құрылысы. Қалған 4 нысан толығымен пайдалануға берілсе, 6-уын арнайы комиссия тексеру үстінде.

Үкімет отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында тапсырылған құрылыс нысандарының нақты санын анықтауды тапсырып, бұл мәселені желтоқсанның 28-і күні өтетін  селекторлық кеңестің қаруына енгізуді тапсырды. 

Соңғы жаңалықтар