«100 мектеп және 100 аурухана» бағдарламасы бойынша мемлекетке келтірілген зиян көлемі 781 миллион 400 мың теңгені құрады - апталық брифинг

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның мәліметтеріне қарағанда, мәлім болған заң бұзу әрекеттеріне байланысты келтірілген зиян 781 миллион 400 мың теңгені құраған. «Мемлекеттік бағдарлама бойынша мектептер мен ауруханалардың құрылысы кезінде орын алған құқық бұзушылық фактілерінің басым бөлігі осы бағдарламаның жергілікті жерлерде жүзеге асуына жауапты тұлғалардың өз өкілеттіктерін теріс пайдалануымен байланысты. Бұл фактілер бойынша Қаржы полициясының қызметкерлері 6 қылмыстық іс қозғады», деді ресми өкіл.
Ол келтірген мәліметтер бойынша, қазір Орал қаласының құрылыс бөлімінің бастығы жауапқа тартылуда. Ол Орал қаласына қарасты Зашаған кентіндегі 1 мың 200 орындық мектептің құрылысы бойынша жалған актілерге қол қойып, мердігер «Оралмонолит - 2» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне төлемді толық көлемде аударған. Ал сараптама жұмыстары осы нысан бойынша құны 19 миллион 9 мың теңгені құрайтын жұмыстардың жүзеге асырылмағандығын көрсетіп отыр. Яғни, мемлекетке осы сома көлемінде зиян келтірілген», деді М.Жұманбай.