100 миллион америкалық қарлы боран құрсауында қалмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та қарлы боран тағы да қайта соғуы ықтимал. Метеорологтардың болжамынша, таяудағы тәуліктерде қолайсыз ауа райы аймағында 100 миллионға жуық адам қалмақ.
Орталық Батыста бірнеше сағаттан кейін, солтүстік-шығыста - дүйсенбіге қараған түнде қарлы дауыл соғады деп күтілуде. Нью-Йоркте, Бостонда, Чикагода 30 сантиметрге дейін қар түсуі мүмкін.
Коммуналдық қызметтер қазірден бастап қар тазалау техникаларын әзірлікке келтіре бастады. Билік күні таңертеңгілік қарбалас кезде жолда күрделі жағдай орын алуы ықтималдығын, сондықтан жұртшылыққа мүмкіндігіне қарай жеке көлікпен жолға шықпауды ескертті.
Синоптиктердің айтуынша, келесі аптаның басында АҚШ-тың солтүстік-шығысында күн күрт суытады.