100 млн теңге жымқырған 2 полицей сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 100 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған полицейлер сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Антикорға сілтеме жасап.

100 млн теңге жымқырған 2 полицей сотталды
«Ақмола облысы полиция департаменті патрульдік полиция ротасының командирі полиция подполковнигі Талғат Ерденов пен патрульдік полиция ротасының аға инженері полиция капитаны Махсат Жаманбаев орташа қауіпсіздік түзеу мекемесінде жазасын өтеуге 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Тергеу барысында Ерденов пен Жаманбаевтың алдын ала сөз байласу арқылы ЖЖМ-ге сеніп тапсырылған талондарды жалпы сомасы 100 миллион теңгеден астам жымқыру жолымен ұрлағаны дәлелденді», - делінген хабарламада.

Сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.