«100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында 2016 жылдан бастап жеке сот орындаушылар институты кеңейеді - Қ. Мусин

АСТАНА. ҚазАқпарат - «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы тапсырмаларды жүзеге асыру аясында 2016 жылдан бастап жеке сот орындаушылар институты кеңейеді. Бұл туралы бүгін брифингте Астана қалалық Әділет департаментінің басшысы Қанат Мусин мәлім етті.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында 2016 жылдан бастап жеке сот орындаушылар институты кеңейеді - Қ. Мусин

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспары атты бағдарламалық құжатында заң үстемдігін қамтамасыз ету бөлігінде сот орындаушылары мемлекеттік қызметшілерін сатылап қысқарту туралы міндетті жүктеді. Осыған байланысты 2016 жылдан бастап бұл салада жаңа үлгі жеке сот орындаушылар институтын кең ауқымда дамыту қарастырылады. Бұл институт жұртшылықтың әділсотқа қолжетімділігін арттырып, сот орындаушылар қызметін жаңа деңгейге шығармақ», - деп атап өтті Қанат Мусин.

Оның сөзіне қарағанда, 2015 жылы әділет департаменті қызметінің маңызды бағыттарының бірі сот актілерінің орындалуына басымдық беру болып табылады. Бұл департамент үшін жаңа функция болып әрі әділет қызметкерлерінің қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыра түседі.

«Кадрмен қамтамасыз ету саласында үлкен проблемалардың болғанына қарамастан, біз атқару өндірісінің тиімділігін арттыруға баса мән беріп келеміз. Мәселен, 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында елорданың сот орындаушыларының аумақтық бөлімшелерінде жалпы сомасы 112 млрд. теңгені құрайтын 96 000 атқарушы өндірісі болды.

Сонымен қатар, жыл басындағы сот орындаушыларының штаттық жинақыландырылуы 55 пайызды құрағанынан қарамастан, олардың әрқайсысына жүктеме 1500 атқарушылық материалдарынан тиеді. Осылайша, 2015 жылдың алты айында 20 млрд. теңге шамасында 32 639 өндіріс атқарылып, оның 78,5 пайызы нақты жүзеге асты. Атқарушылық санкциясы арқасында мемлекеттік кіріске 49 млн. теңгедлен астам сома өндірілді», - деді Қ. Мусин.