«100 нақты қадам»: Заң үстемдігін қамтамасыз ету сыбайлас жемқорлықты жоюға септігін тигізеді

Сарапшының айтуынша, қазақстандық заңнаманың Конституцияға мейлінше сәйкес бола түсуі маңызды.
«Бұл ретте бізде жақсы тетіктер баршылық. Ата заңды құқықтық қорғау субъектісі ретінде Конституциялық кеңес, сот органдары мен басқа да құрылымдары жұмыс істейді. Дегенмен, заң актілерінің көптігі заңнамалардағы қайшылықты тудыратын проблемаға айналуы мүмкін», - деді брифинг барысында Е.Абрасулов.
Оның сөзіне қарағанда, заң үстемдігі доктринасы сот жүйесін жаңа деңгейге жеткізуге септігін тигізетін болады. Осы тұрғыдан алғанда «Еуразиялық құқық қорғау орталығы» ҮЕҰ сарапшылары Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сот инстанцияларын бес сатыдан үш сатыға дейін қысқарту туралы ұстанымын өте дұрыс деп санайды.
«Бұл заңдардың бірізділігін қамтамасыз ететін шара. Ал бұдан кейінгі мәселе - заңдардың біркелкі орындалуы. Бұл ретте сот тәжірибелерін жалпыландыру, сот актілеріне мониторинг жүргізу қажет. Осының арқасында проблемалар айқындалып, заңның біркелкілігі қамтамасыз етілмек», - деді Е.Абрасулов.