«100 жаңа есім» жобасы аясында дауыс беру мерзімі айқындалды
«100 жаңа есім» жобасы аясында біз өңірлерді аралап келдік, осы орайда әрбір облыс өздерінің есімдерінің тізімін құрып, республикалық орталыққа тапсырды. Бүгінде жалпыреспубликалық тізім жасалып жатыр және ол жалпы дауыс беруге шығарылады. Қазақстанның әрбір азаматы сайтта көрсетілген лайықты адамға дауыс бере алады. Бұл тізім ағымдағы жылғы қазан-қарашада талқылауға шығарылады»,-деді Ғ. Нығыметов.
Сонымен қатар ол институт тарапынан жүргізілген зерттеулерге тоқталып, жаңғыру процесіне тиімді ықпал ететін үрдістерді анықтау бойынша мәліметтерді жария етті.
Оның сөзіне қарағанда, қазақстандықтардың 80 пайыздан астамы Қазақстанның ілгері дамуы үшін қоғамдық сананы жаңғырту қажет деп санайды.
Мұнымен қоса, қазақстандықтардың пайымынша, мәдениетті, жеке ұлттық кодты сақтап қалу - жаңғырудың табысты болуына негізгі жағдай жасамақ. Сауалнамамен қамтылғандардың 79 пайызы халықтық дәстүр мен салтты ұстанғанды өміріндегі маңызды құрамдас деп бағалады.
«Қазақстандықтар мақтан тұтатын құндылықтардың үштігіне тоқталатын болсам, онда бейбітшілік пен келісім, этникааралық қатынастардағы үндестік, Қазақстан халқының қонақжайлығы секілді құндылықтар қамтылған. Респондеттің әрбір бесіншісі қазақстандық қоғамның дәстүрге ұқыпты қарайтындығын мақтан тұтады екен»,-деді ол.