100 жасаған алып тасбақа өліп қалды

None
None
АСТАНА. 26 маусым. ҚазАқпарат - Эквадордың Галапагосс ұлттық паркінде әлемге әйгілі жалғызілікті Джордж деп аталатын алып тасбақа өліп қалды.

 Танымал бұқаралық ақпарат құралдарының жазуына қарағанда, тіршілік иесінің қанша жыл жасағанын ешкім тап басып айта алмайды. Бірақ жер шарындағы ең кәрі мақұлық екендігі даусыз.

Парк басшысы Эдвин Науланың айтуынша, «Парк жұмысшылары тексеру кезінде тасбақаның қимылсыз жатқанын көрген». Оқымыстылардың деректеріне қарағанда, Джордж шамамен 100 жаста. Мамандар енді оның неден өлгенін анықтамақшы.

Табиғаттың ерекше құбылысы саналған бұл тасбақаны ерекше бағалаған мамандар одан қалайда тұқым алып қалуға тырысқан. Алайда одан түк шықпаған.

Жалғызілікті Джордж 1972 жылы Пинта аралынан табылған. Ол тіпті Галапагосс символы саналған. Джорджды бір көру үшін аралға жылына 180 мыңға жуық турист келеді екен. Тіпті тасбақа туралы кітап та жарық көрген.
Піл сүйегі іспеттес тасбақа негізінде 200 - 250 жыл өмір сүреді екен, деп жазады baq.kz порталы.

Соңғы жаңалықтар
telegram