100 жастан асқанда үйленген ерлі-зайыпты Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін

100 жастағы жұбайлар
Фото: foxnews.com

АСТАНА. KAZINFORM – 100 жасында отау құрған америкалық жұп Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін. Бұл туралы Anadolu агенттігі жазды.

Филадельфиялық 100 жастағы Берни Литтман мен 102 жастағы Марджори Фитерман ең қарт жұп ретінде Гиннестің рекордтар кітабына кіруге өтініш берді. Олардың үйлену тойы қарттар үйінде өтті.

Литтманның немересі Сара Зичерман оның атасы мамандығы бойынша музыкант болғанын айтады. Оның бұрынғы некесі 65 жылға созылған. Әйелі қайтыс болғаннан кейін атасы қарттар үйіне орналастырылған, ол сонда Фитерманды кездестірген. Фитерман да 60 жыл бірге отасқан отағасынан айырылған.

Бір қызығы, Берни Литтман мен Марджори Фитерман бір университетте оқыған, бірақ ол кезде бір-бірін танымаған.

Ерлі-зайыптылардың махаббаты тоғыз жыл бұрын басталған деседі.

«Атам үйленгісі келетінін айтқанда, біз қатты таң қалдық. Олар ресми түрде үйленеді деп ойлаған жоқпыз. Бірақ атам табан тіреп тұрып алды, олар үйленді», - деп қосты Сара.

100 жастағы неке
Фото: foxnews.com
100 жастағы неке
Фото: foxnews.com

 

Соңғы жаңалықтар
telegram