100 жасында орта білім туралы аттестат алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Массачусетс штатының жүз жастағы тұрғыны Мэри Мониз әжей орта білім туралы аттестат алды. Бала кезінде ол екінші сыныпты ғана аяқтай алған. Себебі оның отбасы АҚШ-тан Азор аралдарына қоныс аударған. Кейуана өмір бойы тарих пәнінің мұғалімі болуды армандаған, соның құрметіне аттестат алуды жөн санаған.

100 жасында орта білім туралы аттестат алды

Мониздің отбасы елге тек 1949 жылы ғана қайтып оралған. Бұл кезде бой жетіп қалған Мониз мектептегі оқуын жалғастыруды ар санап, металл конструкцияларды өндірумен айналысатын компанияға жұмысқа орналасқан.

Орта білімі туралы аттестатты Монизге Массачусетс штатының мемлекеттік білім беру комиссары табыс етті, деп хабарлайды Lenta.ru.