100 жылдан кейін табылған жұмыртқа - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жүз жыл бұрын жоғалған Фаберже императорлық коллекцияның жұмыртқасы АҚШ-тан табылды. Әлемдегі ең қымбат алтын жұмыртқа жақын күндері Лондонда өтетін көне жәдігерлер көрмесіне қойылады, деп хабарлады 1tv.ru.

100 жылдан кейін табылған жұмыртқа - ВИДЕО

Аталған алтын жұмыртқаны 1887 жылы император III Александр пасха мерекесіне орай өзінің жұбайы Мария Федоровнаға сыйға тартқан. Төңкерстен кейін ол жоғалып кетіп, арада 100 жыл өткен кезде жақында Америкадан табылған. Сирек кездесетін зергерлік өнер туындысы қара базарда сатылып, абырой болғанда басқа бұйымдар жасау мақсатында балқытылмай аман қалған деседі. Жұмыртқаны сатып алған адам бастапқыда оның құнын білмеген. Зергерлік бұйымдардың бағасы жазылған тізілімнен көргенде, оның қаншалықты бағалы екенін түсініп, оны сатылымға шығарған. Сарапшылар шедеврдің құны шамамен 20 млн. доллардан асып түседі деп отыр.