№101 станциясына алғашқы LRT құрамы көтерілді

АСТАНА. KAZINFORM  - Бүгін №101 станциясында екі вагоннан тұратын жеңіл рельсті көлік (LRT) құрамын көтеру жұмыстары сәтті жүргізілді.

LRT
Фото: Астана әкімдігі

Елорда әкімдігі мәліметінше, құрамды көтеру барлық техникалық және қауіпсіздік талаптарын сақтай келе штаттық режимде өтті. Құрамды көтеру – LRT жүйесін салу аясындағы жоспарлы шаралардың бір бөлігі.

Вагондар станцияда 2025 жылғы қыркүйекке жоспарланған сынақтық іске қосу жұмыстарына дейін тұрады.

– LRT жобасын іске асыру – заманауи қалалық көлік инфрақұрылымын дамытуға, тұрғындардың мобильділігі мен жайлылығын арттыруға бағытталған. Алғашқы құрамды көтеру – жобаны жүзеге асырудағы маңызды кезең. Біз жұмыс кестесіне сай алға жылжып келеміз, алдағы күзде LRT жүйесінің сынақ жұмыстарын бастаймыз, — деді «City Transportation Systems» ЖШС Басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев.

2026 жылдың 1-тоқсанында LRT ресми іске қосылады. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты.

Соңғы жаңалықтар