101 жастағы қарт 94 метрлік биіктіктен арқанмен түсіп, өз рекордын жаңартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның экстремалды спорт түрлеріне әуес тұрғыны 101 жасында жаңа рекорд орнатты, деп хабарлады The Guardian.

101 жастағы қарт 94 метрлік биіктіктен арқанмен түсіп, өз рекордын жаңартты

Дорис Лонг 94 метр биіктіктен арқанмен түсуден өз рекордын жаңартып, әлемдегі ең жасы үлкен абсейлер атанды.

Абсейлинг әлеміне белгілі қарт әйел Портсмутте Спинакер мұнарасын бағындырды.

Абсейлингті спортшы бұл ісін қайырымдылық бастамасына айналдырып жіберді. Мақсаты - жергілікті хоспис үшін қаражат жинау.

Басылым жазғандай, Лонгтің бұл әрекетіне жаңбыр мен жел кедергі бола алмады.