101 жасты еңсерген қария жүгіруге қатысуға бел буып отыр
АСТАНА. 25 ақпан. ҚазАқпарат - Спорт жас талғамайды. 101 жастағы Фодже Сингху Гонгконгтегі 10 шақырымдық қашықтықта жүгіруге қатыспақшы,
деп хабарлайды 24.kz.
Қария 1911 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде дүниеге келген. Ол өмірінің басым көпшілігін Үндістанда тұрып, фермерлікпен айналысқанын айтады. Алайда 83 жасында көз алдында оқыс жағдайдан мерт болған ұлының өлімінен кейін, Сингху қайғысын ұмыту үшін Лондонға көшіп, кәсіби деңгейде жүгірумен айналысқан. Ол Торонтодағы 8 сағаттық жүгірістен кейін «ең кәрі марафоншы» атағына ие болған. Алайда Гиннесс рекордтар кітабына қарияның жетістігі енгізілген жоқ. Себебі оның жасын растайтын туу туралы куәлігін қарт ондаған жыл бұрын жоғалтып алған екен.