103 жастағы зейнеткер теледидар ұзақ жасауға кедергі келтіреді деп санайды

«Барлық достарымның үйінде теледидар бар, ал мен оның болғанын қаламаймын. Мен тыныштықты ұнатамын», - деп түсіндірді зейнеткерлік жасқа дейін күтуші болып жұмыс істеген қарт әйел.
Хиндли бірде-бір телекөрсетілімді көрмеген: ханшайым Елизавета ІІ-ге тәж кигізу жорасы, Джон Кеннедидің өлтірілуі, адам баласының Айға ұшуы, Берлин қабырғасының құлауы, 11 қыркүйектегі лаңкестік әрекет - осының барлығы оның назарынан тыс қалған.
Теледидар көрудің орнына Хиндли қарт адамдарға күтім жасаған. Бұдан басқа, 1970 жылдары Хиндли жануарлар паналайтын аудандық орын ашқан. Көп уақытын оларға арнаған әйелдің айтуынша, оның теледидар қарауға қолы тимеген.
Гертруда Хиндлидің өз баласы жоқ, ол қарттар үйінде тұрып жатыр. Жиені Ричард Хиндли «ол шынымен де әлемде не болып жатқаны туралы хабарсыз жүргенін» растады.
«Менің ойымша, оның ұзақ жасауына себеп осы. Ол жаңалықтарды көріп, сонда естіп-көргені үшін уайымдамаған», - деді ол.